2026 жылғы қазан-қараша айларында жүргізілген іс-шаралар Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарын, сондай-ақ Шымкент қаласын қамтыды.
Нәтижесінде 45 атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша тәркіленді. Бұдан бөлек, 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі алынды.
– Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК тамыз айында еліміздің 12 өңірінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 қару, 13 граната және 314 оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлаған еді.