Департамент басшысының айтуынша, жыл сайынғы жоспар бойынша елімізде 1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында «Көкнәр» кең ауқымды операциясы жүзеге асырылып жатыр. Операция мақсаты каннабис тобындағы есірткі өндірістерін жоюға бағытталады.
«Кең ауқымды шара барысында заңсыз айналымнан 25 тонна 625 келі әртүрлі есірткі заттары алынды, соның ішінде 86 келісі - героин, 115 келіден астамы - анаша. Қылмыстық жауапкершілікке отыздан астам ұйымдасқан қылмыстық топтар тартылып, есірткі тасымалының 15 арнасының жолы кесілді, оның үшеуі халықаралық тасымал болып отыр», - деді Сұлтан Күсетов.