Қазақстанда заңсыз айналымнан 3 мыңнан астам қару алынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атыс қаруын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды азайту мақсатында полиция қызметкерлері қару, оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шараларды жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жалпы, Қазақстан бойынша 84 мақсатты жедел-профилактикалық іс-шара (41 «ҚАРУ» ЖПІШ және 45 «Құқықтық тәртіп»ЖПІШ) өткізілді, оның барысында заңсыз айналымнан 3277 бірлік қарутәркіленді.

Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айынанбері жүргізіліп жатқан қаруды қайтарусыз тапсыру акциялары шеңберінде азаматтардан 1973 бірлік атыс қаруы сатыпалынды.

Жыл басынан бері атыс қаруының заңсызайналымымен байланысты қылмыстар бойынша 844 қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция бөліністері арнайыіс-шаралар жүргізу кезінде
53 бірлік қысқа ұңғылы атыс қаруын, автомат, 12 ойық карабин, 157 тегіс ұңғылықару, 60 шолақ мылтық, сондай-ақ оқ-дәрілер алды.

Мәселен, наурызда Полиция департаменттерімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында сотсарапшысын ұстады, оны тінту барысында 18жарылғыш құрал, «ТОЗ» винтовкасы, 3 мыңнан артық патрон, 3 шолақ мылтық, 3тапанша, сондай-ақ жарылғыш қондырғылар мен атыс қаруының 232 бөлшегі алынды.

Жасырын прокси серверлерді интернетжелісінде, сондай-ақ криптовалютаны және «Kiwi» әмиянды пайдаланумен қару меноқ-дәрілерді сатуды мониторингілеу кезінде полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілер сататын 34 шетелдікинтернет-ресурсты анықтады, олардың жартысы блокталды, басқалары бойынша жұмыс жалғасуда.

Аталған ресурстардың басым бөлігі «Вконтакте» әлеуметтік желісінде жәнехабарландырулар сайтында, жартысы жабық желілерде анықталды. Бұл бағытта жұмысжалғасуда.

Соңғы жаңалықтар