ҚР Ішкі істер министрлігі таратқан деректерге қарағанда, полиция шара шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс нысандарына, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ автокөлік құралдарын тексереді.
Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 рет бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырдың 1 239 жағдайы анықталып, 207 жұмыс беруші шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған. Ал шетелдіктердің келуі туралы ішкі істер органдарын уақытылы хабардар етпеу және елде болу ережелерін бұзу фактілер 1 509.
Соттардың шешімі бойынша елден 322 шетел азаматы шығарылды.