Қазақстанда жаңа апта жайлы ауа райымен басталады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 22–24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, жаңа аптаның басында Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жауады деп болжанады. Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында 25… 32°С, солтүстік-батысында 20… 31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде 18… 27°С, шығысында 13… 23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 25… 32°С-қа дейін көтеріледі.

Бұған дейін бүгін Алматыда найзағай, солтүстік пен батыста тұман болатынын жаздық.