«Бізде жекеменшік түрме болмайды. Біз мемлекеттік-жеке серіктестік аясында түрме салуды жоспарлаудамыз. Яғни, жеке инвесторлар құрылысқа инвестиция салады. Ал ішінде біз, мемлекеттік құрылымдар жұмыс істейді. Өйткені, жазаның орындалуы - бұл мемлекеттік жауапкершілік», - деді Ж.Кешубаев.
Оның атап өтуінше, қазіргі таңда Қарағандыда мемлекеттік-жеке серіктестік аясында түрме салу көзделген. Аталған нысанның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болып қалды. Енді мемлекеттік сараптамасын өту қажет.
«Біз шамамен 2015-2016 жылдары конкурстық құжаттамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Одан кейін Үкімет концессионерлерге конкурс өткізеді. Бұл халықаралық конкурс болмақ. Оған шетелдік инвесторлар да қатыса алады», - деді ол.