- Заңды күшіне енген үкім немесе өзге де қаулы болған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды есепке алу жоспарланған. Бұл бағыттағы тиісті қадамдар тиісті жоспарда ескерілген. Сондықтан оны заңнамамен реттеу керек. Қазір осы заң жобасы Мәжілістің қарауында. Құжат қабылданып, тиісті рәсімдер аяқталған соң, аталған тізілімді құру басталады, - деді Д. Құрақбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлардың жария тізілімі енгізілетінін жазған едік.
Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер қамтылатын болады. Мәліметтер тек заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде қосылады.