«Еуропада марихуана мен гашишты шегу арқылы есірткі заттарын пайдалану заңдастырылған. Бұл тәжірибені зерделей келе оны тиімсіз әдіс деген қорытындыға келдік», - деді ол. А.Выборовтың атап өтуінше, мәселен, аталған есірткі заттарын заңдастырудың салдарынан Голландияда қоғамнан шет қалған буын өсіп келеді. «Қазіргі таңда Голландияда жастары 25-26-ға келген буын өсіп келеді. Олар қоғамдық өмірге араласпайды әрі қоғамнан тыс қалған. Сондықтан, бұл жол біздің еліміз үшін қабылданбайды», - деді А.Выборов. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, елімізде арнайы есепке трікеліп, есірткіге тәуелділіктен емделушілер саны 39498 адамды құрайды.
13:18, 26 Маусым 2014
Қазақстанда жеңіл есірткі түрлерін пайдалану заңдастырылмайды - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеңіл есірткі түрлерін пайдалану заңдастырылмайды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Анатолий Выборов мәлім етті.