АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда жылдан-жылға жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны қысқарып келеді. Бұл туралы бүгін «Эксперт» клубының «Бүгінде қазақстандық білім бәсекеге қабілетті ме?» деген тақырыпта өткен кезекті отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Фатима Жақыпова айтты.
«Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ЖОО-ларда оқитындардың саны 700 мың адамға азайды. 2011 жылмен салыстырғанда бұл сан 100 мыңнан астамды құрайды», - деді ол.
Сонымен қатар департамент басшысының атап өтуінше, соңғы жылдары жоғары оқу орындарында тәжірибелік сабақтар сағатының ұлғайып отыр. «Қазіргі студенттер осыдан 3 жыл бұрынға қарағанда ЖОО-ларда практикалық сабақтарға 4 есе баса назар аударады», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.