Оның жазуынша, Ішкі істер министрлігі қабылдаған кешенді, оның ішінде заңнамалық та шараларының арқасында бүгінгі күні еліміздің жолдарындағы ахуал айтарлықтай жақсара түскен.
«Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында еліміздің жолдарындағы жол-көл апаттарынан қаза тапқандардың саны өткен жылдың 3 айы көрсеткіштерімен салыстырғанда 27 пайызға (405-тен 295-ке) қысқарды. Жол-көлік апатынан жарақат алған азаматтардың да саны 10 пайыздан (4652-ден 4 166-ға) астамға дейін кеміді»,- деп жазды Алмас Сәдубаев.
Оның атап өтуінше, 2007 жылдан бері еліміздің жолдарындағы өлім-жітім 10 жылдың ішінде шамамен 2 есеге азайған.