Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім көрсеткіші де 14 пайызға азайып, қайтыс болғандар саны 252 адамды құраған. Ал жол апатынан жарақат алу 5,5 пайызға төмендеген.
«Жалпы статистикалық көрсеткіштер еліміздің жолдарындағы жағдайдың қалыпты екенін көрсетеді. Сонымен қатар егер біз жол-көлік оқиғасы бойынша ауруханаға түскеннен кейінгі 7 күннің ішінде қайтыс болған адамдарды есепке алып келсек, қазір осындай оқиғалар салдары 30 тәуліктік мерзім бойынша тексеріліп, тіркеледі. Сосын жапа шеккендерге келсек, қазіргі күні егер оқиға бойынша саусағының ұшына ғана йод жағып, басқа медициналық көмек мүлдем қажет етілмейтін болса да, ол адамдарды «жарақат алғандар» санатына жатқызып келеміз. Мәселен, былтырғы жылы жол-көлік апатынан жарақат алған 30 мың адамның 13 мыңға жуығына сол орында азғантай көмектер көрсетіліп, қайтарылды. Бұған дейін ондай азаматтар жарақат алғандар санатына жатқызылмайтын еді», - дейді И.Лепеха.