Қазақстанда жыл сайын қанша адам ата-ана құқығынан айырылады
13:22, 15 Қараша 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатыныс саласында жасалатын құқықбұзушылыққа қатысты жүргізілген талдау зорлық-зомбылықтың негізгі себебі ретінде әлеуметтік проблемаларды, оның ішінде алкогольдік ішімдікке салынудың теріс салдарын көрсетті», - деді Ж. Байкенов онлайн брифингіде.
Оның айтуынша, ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша медициналық мекемелерге сот 3756 адамды бағыттады. Олар алкогольдік ішімдікке салынудың салдарынан психикалық әрі мінез-құлықтың бұзылуына қатысты есепке қойылған.
«Сонымен қатар, жыл сайын 1 мыңға жуық осындай адам ата-ана құқығынан айырылады», - деді басқарма басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай , жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам шағым мен хабарлама келіп түсті.