«Біз баламалы отбасылық құрылымдарды жетілдіру арқылы балалар үйлеріндегі жетім балалар санының азаюына қол жеткіздік. Жыл сайын еліміздегі жетім балалардың саны мыңнан астам балаға азайып, керісінше отбасылық құрылымдармен қамтылған балалардың саны көбейіп келеді», - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2015 жылдың басынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген жалпыұлттық шаралар жоспары іске асырылуда. Ол бойынша отбасылық құндылықтар, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік қатынастар нығайтылатын болады. Сонымен қатар, бала асырап алушыларға бір реттік өтемақы ретінде 75 АЕК көлемінде қаражат та беріледі.