«Полицияның өтінімімен жыл сайын соттар мыңға жуық ата-ананы балаларын тәрбиелеу құқығынан айырады. Осы арқылы әлеуметтік жетімдіктің деңгейі жасанды жолмен артып отыр»,-деді министр.
ҚР ІІМ мәліметіне қарағанда, бүгінде полицияның профилактикалық есебінде 12 мыңнан астам тұрмысы нашар немесе бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған отбасылар тіркелген және осыларда 16 мыңнан астам бала тұрып жатыр.
«Өкен жылы бала тәрбиесінде міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 5,5 мыңнан астам ата-ана тартылды. Балаларға қатал қараудың 44 фактісі анықталды, мыңнан астам адам ата-ана құқығынан айырылды. Шын мәнінде олардың барлығы полицияның ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызметтер мен қоғамдастықтың назарында болуы тиіс. Әрине, полицияда тұрмысы нашар немесе бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған отбасыларға ықпал етудің тиісті тетіктері бар, алайда олардың барлығы тек репрессивті сипатқа ие»,-деді Қосымов.
Сонымен қатар ол балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа отбасындағы әлеуметтік-тұрмыстық және мәдициналық сипаттағы проблемалар жиі әсер ететінін жеткізді.