— Науқан аясында жүргізушінің алдыңғы қауіпсіздік жастығының газ генераторы тексеріліп, қажет болған жағдайда тегін ауыстырылады. Кері қайтарып алу науқаны түпнұсқа жабдық ретінде орнатылған Takata (NADI) өндірісінің газ генераторларымен жабдықталған автокөліктерге қатысты жүргізіледі, — делінген Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарламасында.
Өндірушінің мәліметінше, уақыт өте келе жекелеген компоненттердің сипаттамалары нашарлауы мүмкін. Бұл сирек жағдайларда қауіпсіздік жастығының дұрыс жұмыс істеуіне әсер етіп, жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алу қаупін арттыруы ықтимал.
— Көлік иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Toyota 20SMD-005 кері қайтарып алу науқанын бастады. Қажетті жұмыстардың барлығы Қазақстан Республикасындағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында тегін орындалады. Көрсетілген жылдары шығарылған Toyota RAV4 автокөліктерінің иелеріне өз көлігінің аталған науқанға қатысу-қатыспауын VIN-коды арқылы тексеріп, қажетті жұмыстарды жүргізу үшін ресми дилерге жүгіну ұсынылады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік депутат Toyota Alphard пен Estima көліктерімен жолаушы тасымалына тыйым салу керектігі туралы айтқан.