Қазақстандағы Армия халықаралық ойындарының ашылуы сәтінен ВИДЕО жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 тамызда «Гвардейск» полигонында Армия халықаралық ойындары - 2016 сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі Фейсбуктегі парақшасында аталмыш шараның салтанатты ашылуы сәтінен видео жариялады.

Еске сала кетсек, Қазақстан өз жерінде армия ойындарын алғаш рет өткізуде. Ойын бағдарламасы секілді ашылу рәсімі де көзтартар және бірегей.

АрМИ-2016 шеңберіндегі «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» ірі сайыстары Қазақстанда тамыздың 2-і мен 9-ы аралығында өтеді. Екі байқауға 278 адам қатысады. Яғни, 32 қазақстандық әскери қызметші және 246 шетелдік қатысушы.