Қазақстандағы бала құқығын қорғау жүйесі басты назарда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 29 сәуірде Астана қаласында «Балалардың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өтеді. Жиын биыл қыркүйек айында Женева қаласында өтетін Қазақстандағы балалардың жағдайы туралы IV-ші кезеңдік баяндама аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінен.

Отырыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтың басшылығымен өтеді. Дөңгелек үстелге ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Сыртқы істер, Әділет, Ішкі істер министрліктері, Қазақстанда ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қорының мүшелері, ҮЕҰ Кеңесінің, БАҚ мүшелері қатысады.