Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен алқа мәжілісінде Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов айтты.
«Барлық балалар үйлеріне жылына 8 133 млн. теңге жұмсалады. Бұл соңғы жаңартылған көрсеткіш»,-деді вице-министр.
Оның сөзінше, бұл қаржының жартысы балалардың тамағы мен киім-кешегіне, шамамен 15 пайызы коммуналдық шығындарға, ал қалғаны жұмысшылардың жалақысына бағытталады.