Еске салайық, Үкімет сағаты «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында бұқаралық спортты заңнамалық қамту мәселелеріне арналған болатын.
Министрдің сөзіне қарағанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясында спорт және дене шынықтыру саласын одан әрі дамытуда зор міндеттер жүктеліп отыр. Осы мақсатта ағымдағы жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы күшіне енген.
«Жаңа заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың бірқатар бағыттағы функциялары айқындалды. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органда тұрғылықты жерлерде және халықтық демалу орындарында инфрақұрылым жасауды қолға алады. Екіншіден, жергілікті жерлердегі спорт нысандарын пайдалану қолжетімділігі артады. Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес, допингпен күрес мәселелері тексеріліп, ол халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп жатыр», - дейді министр А. Мұхамедиұлы.