Қазақстандағы тергеу изоляторларында азық-түлік жеткізу қызметі іске қосылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жаңа сервистер ашылды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бүгінде Алматы қаласы және Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесініңбірнеше мекемесінде Мамандандырылған электрондық дүкен бойынша қанатқақтыжобалар іске қосылды. Азық-түлікөнімдерін жеткізу қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағандықалаларының тергеу изоляторларында жұмыс істей бастады. Сотталғандардыңтуысқандарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесулері Ақмола облысындағы ҚАЖ-дың екімекемесінде сынақтан өткізіледі», - делінген ведомство мәліметінде.

ІІМ бұл жобаларды іске асыру пенитенциарлық жүйеде цифрландыруды дамытуға,ізгілендіру деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлық пен шағымдардың саныназайтуға ықпал етеді, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінқамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына жақындатады деп есептейді.

Осы сервистер арқылы тапсырыс беру және жеткізу ҚАЖ мекемелерініңтапсырыстарды қабылдау бюросындағы кезекті жойып, сотталғандар мен қамауғаалынғандарға тыйым салынған заттардың өту фактілерін төмендетеді деп күтілуде.

«ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдар өздерінің туыстары мен жақындарынміндетті түрде келуге мәжбүрлемейді, қолданысқа енгізілген сервис арқылы рұқсатетілген тауарлар мен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік болады. Осындайсервистердің қызметін тергеу-қамауға алынғандар және сотталғандардың туыстарымен жақындары да пайдалана алады. Сервистерді қолданысқа енгізу - сотталғандардыңтауарды мекеме ішіндегі дүкеннен немесе электрондық дүкеннен таңдауына жолашады. Яғни, бәсекелестік орта қалыптастырып отыр. Ал бәсекелестіктұтынушыларға сапалы әрі бағасы қолайлы тауарлар ұсынуға деген қызығушылықтыарттырады», - деп атап өтілген хабарламада.

Фото: пресс-служба МВД