ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады. Ел намысын алты биатлоншы қорғайды: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева.
Ослодағы кезең 19-22 наурыз аралығында өтеді. Алғашқы жарыс – әйелдер спринті. Ол Астана уақытымен 20:15-те басталады.
Айта кетейік, конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды.