— 2025 жылы қазақстандық әуе компаниялар 15 млн жолаушы тасымалдады. Биылғы алғашқы 4 айда жолаушылар саны 4 млн-нан асты. 2025 жылы әуежайлар 32 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Сондай-ақ 173 мың тонна жүк өңделді. Биылғы 4 айда жүк көлемі азайды. Ал жолаушылар саны өзгеріссіз қалды. Бұған Таяу Шығыстағы жағдай әсер етті, — деді Нұрлан Сауранбаев.
Оның айтуынша, қазір азаматтық авиация саласының дамуына қажетті негізгі институцианалдық база толықтай қалыптасқан.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстаннан тікелей жүретін халықаралық рейстерді көбейтуді тапсырды.