Өкінішке қарай отандасымыз үздіктер қатарына іліге алмады. Ол жұлқа көтеруде 156 келіні бағындырса, серпе көтеруде 183 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысында 339 келі көрсеткішпен 9-орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ерлер. 89 кг
1-орын – Иран - Али Алипур 363 кг (163 200)
2-орын – Өзбекстан - Сарварбек Зафаржонов кг (167 195)
3-орын - Қырғызстан - Эмил Молдодосов кг (162 190)
9-орын – Қазақстан - Сергей Петрович 339 кг (156 183)
Бүгін 96 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына тағы бір зілтеміршіміз Кирил Староверкин шығады.
Естеріңізге сала кетейік, Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екі отандасымыз 2 күміс жүлде жеңіп алған болатын. Оның бірін 67 келіге дейінгі салмақта Сайрамкез Ақмолда жеңіп алса, екіншісін 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров қанжығасына байлады.