Қазақстандық балуандар Хорватиядағы рейтингілік турнирге қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Біріккен күрес әлемі (UWW) Хорватияның Загреб қаласында өтетін рейтингтік турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан құрамасы жарысқа күрестің барлық түрі бойынша қатысады.
Төменде ұлттық құрама тізімі көрсетілген.
Грек-рим күресі
55 келіге дейін: Ерсын Абыйр, Нұрзат Қабдырахимов, Арсен Жұма
60 келіге дейін: Аманғали Бекболатов, Ғалым Қабдунасаров, Ербол Камалиев
63 келіге дейін: Айдос Сұлтанғали, Дастан Зарлыханов, Сайфулла Құрман
67 келіге дейін: Ержет Жарлықасын, Мейіржан Шермаханбет
72 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Данияр Каленов, Николай Хапко
77 келіге дейін: Мерей Маулетқанов, Тамерлан Шадукаев
82 келіге дейін: Демеу Жадраев, Омар Сатаев, Ибрагим Магомадов
87 келіге дейін: Ислам Евлоев, Нұрсұлтан Тұрсынов, Мақсат Сайлау
97 келіге дейін: Юсуф Мациев, Нұрасыл Аманәлі
130 келіге дейін: Әлімхан Сыздықов, Олжас Сырлыбай
Еркін күрес
97 келіге дейін: Камиль Куруглиев
Әйелдер күресі
50 келіге дейін: Зейнеп Баянова
57 келіге дейін: Нилуфар Раимова
62 келіге дейін: Ирина Кузнецова
76 келіге дейін: Гүлмарал Еркебаева
Айта кетейік, турнир 4-8 ақпан аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы дәстүрлі турнирде палуандарымыз грек-рим күресінен 2 алтын алғанын жазғанбыз.