Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Надежда Рябец бұл кезеңде қытайлық Лина Уангпен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қытай елінің өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Элина Базарова (54 келіге дейін) әлем чемпионатын аяқтаған болатын.
Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем біріншілігінде бірінші кездесуін еш қиындықсыз еңсерді.
Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.