АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (6-1, 3 КО) Таиландта кезекті айқасын өткізеді. Ол бүгін жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.
Лукас жергілікті боксшы Кадесара Джадпакдимен (7-3-0) жұдырықтасады. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Құрметті қазақстандықтар, бүгін Таиланд астанасы Бангкокта салмақ өлшеу рәсімінен өттім», - деп жазды боксшы.
Естеріңізге сала кетейік, Ангелина Лукас осыған дейін Бакудегі кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, пәкістандық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Осылайша ол жеңіл салмақ дәрежесінде WIBA әлем титулын иеленген болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.