Бұл күні ел құрамасының үш боксшы шаршы алаңға шықты. Біреуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, екеуі қарсыластарына есе жіберді.
Жекпе-жектер нәтижесі
70 келі. 1/8 финал.
Абылайхан Жүсіпов — Кайан Рейес (Бразилия) — 5:0.
Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда өткен Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты.
Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.
60 келі. 1/8 финал.
Серік Теміржанов — Салим Еллис Бей (АҚШ) — 0:5.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен жолы түйісті.
Отандасымыздың бұл жекпе-жегінде төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласқа берді.
80 келі. 1/8 финал.
Сабыржан Аққалықов — Жавохир Умматалиев (Өзбекстан, Әлем чемпионы) — 2:3.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда осы салмақтың көшбасшысы Жавохир Умматалиевпен (Өзбекстан) күш байқасты. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен қарсыласқа жеңісті берді.