Қазақстандық екі спортшы қазіргі бессайыстан жазғы Азиаданың финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында қазіргі бессайыстан сайыстар жалғасып жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Ерлер арасында өткен А жартылай финалының нәтижесінде екі қазақстандық спортшы ақтық сынға жолдама алды.

Тихон Варехин барлық сайыстың қорытындысы бойынша 1520 ұпай жинап, төртінші орынмен финалға өтті. Ал Темірлан Абдраимов 1507 ұпай еншілеп, алтыншы орынмен ақтық сынға жолдама алды.

Спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run бәсекелерінде сынға түсті.

Айта кетейік, бүгін, 18 қыркүйекте Кирилл Стадник және Лев Чувашов В финалында бақ сынайды.