ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшылар жолдастық кездесуге тыңғылықты дайындалып жатыр.
Еске салсақ, 9 маусымдағы бұл бәсеке – құраманың маусым айындағы екінші ойыны. Бұған дейін құрама ойыншылары сырт алаңда Армениямен тең тарқасса (1:1), мажарлар Финляндиядан 2:1 есебімен басым түскен.
Айта кетейік, екі елдің кейінгі кездесуі 2018 жылы Қазақстанның жеңісімен (3:2) аяқталған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан U19 құрамасы Еуропа чемпионатында Сербиядан басым түскен болатын.