Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде үздік бестікке енді

АСТАНА.KAZINFORM - Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті.

Фото: ҚР ҰОК

Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.

Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.

ҚР ҰОК мәліметінше, қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583). Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасындағы боксшы қыздар Азия чемпионатының финалына шықты.