Қазақстандық Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Дүниежүзілік рейтингіде 794-орында тұрған Г.Ломакин екінші айналымда әлемнің 531-інші, жарыстың 6-ракеткасы, украиналық Юрий Джавакянмен шеберлік байқасты.
Ойын аса тартысты өтіп, қазақстандық теннисші 7:6 (7:4), 3:6, 7:6 (8:6) есебімен жеңісті жұлып алды.
Григорий Ломакин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 793-ракеткасы, оңтүстікафрикалық Алек Беклимен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы турнирді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).