Казақстандық Григорий Ломакин Мысырдағы жарыстың финалына өтті

Фото: Sports.kz

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Г.Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен бірге жартылай финалда словакиялық Филип Крослак - словениялық Ян Купчичпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Григорий Ломакин мен Евгений Филиппов финалда ұлыбританиялықтар Бен Джонс - Давид Стевенсонмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық қос теннисші жасөспірімдер арасында Аустралия чемпионатында ойнайды.