АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Бэлла Самашева Ыстанбұл қаласында WKF каратэден өтіп жатқан Премьер-лига бәсекесінде үздік шықты.
Қазақстандық каратэші осындай деңгейдегі жылдың алғашқы додасында 55 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Бэлла финалда словакиялық Нина Квасникованы ұтты. Бұл – ұлттық құраманың қоржынына түскен алғашқы жүлде.
Сондай-ақ команда көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева ( 68 кг) финалға шықты. Соңғы бәсекеде ол Непал өкілімен күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ыстанбұлда каратэден өтетін Премьер-лига бәсекесіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).