АCТАНА. KAZINFORM - ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы Черногорияның Будва қаласында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған. Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген. Келтірілген жалпы шығын бес миллиард теңгеден асады.
Айта кетейік, Түркияда алаяқтар туристердің карталарынан 30 млн долларға жуық қаржы ұрлады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.