Бразилия футбол конфедерациясы жариялаған тізімде алты дүркін әлем чемпиондары құрамында қазақстандық клуб өкілдерінен бөлек Испания мен Португалияның топ клубтары, Ресей чемпионатының жетекші ойыншылары бар.
Бразилия құрамасының тізімі
Қақпашылар: Виллиан («Норильский никель», Ресей), Эспиндола («Хаэн», Испания).
Қорғаушылар: Уэсли («Спортинг», Португалия), Дейвао («Пальма», Испания), Жоао Салла («Хаэн», Испания).
Әмбебап ойыншылар: Пито («Барселона», Испания), Фабиньо, Эрнесто (екеуі де – «Пальма», Испания), Артур («Бенфика», Португалия),
Габриэль Кандидо, Педриньо (екеуі де – «Семей», Қазақстан).
Шабуылшылар: Руфино («Спортинг», Португалия), Чаруто («Пальма», Испания), Игор («Барселона», Испания). Бразилиялық ойыншылар Мюнхенде 9 желтоқсанда Германия құрамасымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, Қазақстан футбол құрамасының жаңа бас бапкері жақын арада тағайындалады.