ТЖМ құтқарушылары түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Қазақстандық құтқарушылардың жұмыс аумағы — Герат қаласынан 25-30 км қашықтықтағы Наиброфи жері.
Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиын саналады: осы маңда хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп.
Герат билігі құтқарушыларға жеделдігі үшін алғыс айтып, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таң қалды.