Жаңбыр топырақты шайып, нәтижесінде жеңіл машина балшықта кептеліп қалып, өздігінен шыға алмай қалған.
ТЖМ құтқарушыларының күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйреліп, жақын елді мекенге дейін ауыр техникамен сүйемелденді. Құтқарылған 4 адам, оның ішінде 2 бала - Ресей Федерациясының азаматтары.
Олар қазақстандық құтқарушыларға өз алғысын білдірді.
Еске салсақ, биыл Алматы тауларында биыл 400-ге жуық адам құтқарылды. Алматыда күн сайын 50-ден астам құтқарушы, 12 техника және 19 ит кезекшілікке шығып, төтенше жағдайға тап болған алматылықтарға көмекке келеді.