Қазақстандық мергендер әлем кубогында тағы жүлде алды

КАИР. KAZINFORM - Оқ атудан Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жүлдеге қол жеткізді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спорт комитетінен мәлім еткендей, оқ атудан Мысыр елінің астанасы Каирде өтіп жатқан рейтингтік әлем кубогында пневматикалық тапаншадан 10 метрден нысана көздеу сайысында Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова аралас жұбы қола жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ирина Юнусметова жекелей сында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында қола жүлде алғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде әлемнің 66 елінен 678 сұрмерген бақ сынап жатыр. 

Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік осыған дейін Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайтынын жазған болатынбыз.