Қазақстандық мерген әлем кубогының қола медалін жеңіп алды

мерген
Фото: Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM - Оқ атудан Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Ирина Юнусметова қола жүлдеге ие болды.

ҚР Спорт комитеті мәлім екеткендей, жарыс барысында жерлесіміз 2 дүркін әлем чемпионы Силвиа Штейнер (Аустрия), жастар арасында 4 дүркін әлем чемпионы Ризм Сангван сынды мықты қарсыластардан озып кетті.

Дәл қазіргі сәтте 22 жастағы отандасымыз әлемдік рейтингте 2 түрлі бағдарлама бойынша тұр.

10 метрден тапаншамен ату — 31-орын

25 метрден тапаншамен ату — 33-орын

Бұл Ирина үшін әлем кубогындағы алғашқы жүлде емес. Былтыр Индонезия астанасы Джакартада өткен әлем кубогының кезеңінде жерлесіміз 2 мәрте командалық сайыста 3-орын алған еді.

Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде әлемнің 66 елінен 678 сұрмерген бақ сынауда.

Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік осыған дейін Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайтынын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар