Беделді халықаралық зияткерлік жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам оқушы мен команда жетекшілері қатысуда. Олимпиада теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрады. Қатысушылар физика заңдарын терең меңгеру деңгейін, стандартты емес есептерді шешу, эксперименттік деректерді талдау және ғылыми мәселелерге тың шешімдер ұсыну қабілеттерін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы мүшелері:
• Сейтқамит Арғын — Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
• Әбдіқадыр Таир — Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
• Сабыров Мерген — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Досхан Ернар — Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
• Жоламан Абылайхан — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
• Бейсенов Бекмырза Ұласбекұлы — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
• Исмағұлов Темірлан Айдарұлы — халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.
Еуропалық физика олимпиадасы мектеп оқушылары арасындағы физика пәні бойынша ең беделді халықаралық жарыстардың бірі болып табылады. 2025 жылы Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль және 1 құрмет грамотасын иеленген болатын.
Бұған дейін Ташкенттегі халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар үздік нәтиже көрсетті.