Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді.
Құрамада Бауыржанқызы Арайлым, Абдрай Ернұр, Жаркинбек Інжу, Амангельдиев Абзал, Жетпіс Ерасыл, Өтепберген Нұрбек, Айбек Еркебұлан және Кенесов Диас өнер көрсетті. Олар Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназияда, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейде және А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте оқиды.
Команданың жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастан Ербол, Үстенов Нұрсұлтан, Нышан Қайыркен және Алимкулов Қуаныш.
Qazygurt командасы халықаралық чемпионатқа жолдаманы Alem Tech Fest жарысында жеңіп алған болатын. Аталған жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.
Команда халықаралық додаға шамамен бір жыл дайындалып, жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстандық оқушылар экологиялық мәселелерді шешуге арналған суасты роботын жасағанын жазған едік.