Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта 23 жүлде иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – 13-16 тамыз аралығында Бейжің қаласында FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионаты өтті. Қазақстан атынан жарысқа 23 команда қатысты.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Чемпионатқа әлемнің 25 елі мен өңірінен 375 команда жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар үш екінші, бес үшінші орынға ие болып, 15 арнайы жүлде жеңіп алды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

II орын:

* RoboRangers: Harmony School, Астана қаласы;
* SBIL·LION·AIRES: «Білім-Инновация» лицейі, Семей қаласы;
* KAZBOTS: Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы және №221 «Келешек» жалпы білім беретін мектебі, Алматы қаласы.

III орын:

* Smart Sisters: «Айсаф» мектеп-гимназиясы, Алматы қаласы;
* TechnoKids: KERN School, Астана қаласы;
* StarDust: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласының Медеу ауданы;
* FlashForce: «Білім-Инновация» IT лицей-интернаты, Щучинск қаласы;
* ASTRIX: «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицейі, Қарағанды қаласы.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

️Арнайы жүлделер:

* Nomadic Dragons Jr. West: Challenge Solution Award, Haileybury Astana School, Астана қаласы;
* Nomadic Dragons Jr. East: Team Poster Award, Haileybury Astana School, Астана қаласы;
* OtAi: Coding Award, №290 «Келешек мектебі», Қызылорда қаласы;
* Einsteins: Team Poster Award, Республикалық физика-математика мектебі, Орал қаласы;
* Future IT: Team Poster Award, Future-IT робототехника мектебі, Талдықорған қаласы;
* Bad guys: Coding Award, LEAS оқу орталығы, Алматы қаласы;
* RoboDiggers: Coding Award, Sana School, Орал қаласы;
* Digital Nomads: Team Model Award, «Сатурн» робототехника мектебі, Павлодар қаласы;
* Saturn: Challenge Solution Award, №213 «Келешек мектебі», Алматы қаласы;
* Future Axions 218: Core Values Award, №218 «Келешек мектебі», Алматы қаласы;
* Ancient T-Rex: Breakthrough Award, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Қарағанды облысы;
* PEAK: Robot Performance Award, PhysTech School Almaty, Алматы қаласы;
* Silicon Steppe: Outstanding Team Award, Silicon Steppe School, Алматы қаласы;
* Orchid: Core Values Award, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласының Медеу ауданы;
* SKILLSET: Core Values Award, SKILLSET SCHOOL, Астана қаласы.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық командалар робототехника, бағдарламалау, құрастыру және жобалық жұмыс бағыттары бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

FIRST LEGO League - оқушылардың инженерлік, зерттеушілік және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазақстанда жыл сайын USTEM Foundation қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 150-ден астам жарыс өткізеді.

Айта кетелік Қазақстан құрамасы географиядан халықаралық олимпиадада екінші орын алған еді.