АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық падел федерациясы (FIP) жаңартқан әлемдік рейтингіде қазақстандық ойыншылар көрсеткіштерін жақсартты.
Қазақстан падел федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Жәнібек Үмбетов бірден 18 сатыға көтеріліп, қазіргі кезде FIP рейтингісінде 491-орында тұр.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Родион Пак 555-тен 531-сатыға көтерілді. Евгений Данилов 576-орынға жайғасты. Ян Брек 777, Алдияр Мұздыбаев 796-орынға шықты.
Осылайша, қазақстандық падел шеберлері біртіндеп рейтингіде өздерінің үздік нәтижелеріне қол жеткізіп келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын паделдің алғаш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгенін жазған едік.
Сонымен қатар қазақстандық падел шеберлері FIP әлемдік рейтингісінде көрсеткіштерін жақсартты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).