АСТАНА. KAZINFORM — 10-17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында пара волейболдан әлем чемпионаты өтеді.
Қазақстан пара волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, жеребе қорытындысына сәйкес ұлттық құрама Бразилия, Хорватия және Ирак құрамаларымен бірге C тобында өнер көрсетеді.
Топтық кезең матчтары (Астана уақытымен):
10 шілде
12.00 — Қазақстан — Хорватия.
11 шілде
11.30 — Бразилия — Қазақстан.
12 шілде
08.30 — Қазақстан — Ирак.
Бауыржан Тахауовтың шәкірттері 2024 жылы Париж Паралимпиадасында бесінші орыннан көрінсе, өткен жылы дәл осы Ханчжоуда өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанған еді.
Оған қоса Қазақстан пара волейбол құрамасы әлем кубогында қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық параволейболшылар алғаш рет Азия чемпионы атанғанын жазған едік.
Сондай-ақ қазақстандық параволейболшылар әлем кубогында қола жүлде жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).