Ширек финалда қазақстандық семсерлесушілер Гонконг құрамасынан басым түсті.
Қазақстан сапында София Николайчук, Ирина Бакалдина және Владислава Андреева өнер көрсетті. Дарья Самоделкина қосалқы спортшы ретінде тіркелді.
Бәсеке 45:35 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Осылайша, қазақстандық шпагашылар Азиада-2026 жүлдесі үшін күресті жалғастырады. Олар кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетелік Қазақстан құрамасы байдарка есуден Азия ойындарының үздік үштігіне кірген еді.