Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның ерлер құрамасы Мароккодағы әлем кубогы кезеңінің ширек финалында Мысырды 45:40 есебімен жеңіп, жарыстың үздік төрт командасының қатарына енді. Енді отандастарымыз финалға шығу үшін Франция құрамасымен кездеседі.

Фото: ҰОК

Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан намысын Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қорғап жатыр.

Финалға шығу үшін қазақстандық семсерлесушілер Франция құрамасымен кездеседі.

Бұған дейін қазақстандық жеті спортшы семсерлесуден әлем кубогында сынға түсетінін жаздық.