Қазақстандық семсерлесушілер Италияда өтетін Гран-приге қатысады
21:22, 20 Қаңтар 2026
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған ірі халықаралық жарыс 5-7 ақпан аралығында өтеді.
Италияда ел намысын София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.
Айта кетейік, Қазақстан Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы оқу-жаттығу жиынына кірісті.
Оралдағы жарыстан кейін Азия чемпионатына баратын жасөспірімдер іріктеледі.