АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 3 наурыз күні Астана уақытымен сағат 11:05-те жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.155º с.е. 76.487º ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Энергетикалық класы – 9.99. Магнитудасы – 4.3.
Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағында сезілу байқалмаған.
Еске сала кетейік, биыл Алматыда 30 сейсмикалық станция орнатылатынын жазған болатынбыз.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.