Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 10 тамызында Астана уақыты бойынша 10 сағат 26 минутта Қырғызстанда жер сілкінісі болды.
Эпицентр координаттары: 42.67 с.е, 72.16 ш.б. MPV магнитудасы=4,4 энергетикалық класы K=9.8.
8 тамызда Жапонияның Кюсю аралындағы 6,9 балдық жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды. Аралдағы пойыздардың қозғалысы шұғыл түрде тоқтатылды. Сонымен қатар, жер сілкінісі бастапқыда 6,9 бал болды, кейінірек 7,1-ге жетті.
Бұған дейін ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Рудный аумағында жер сілкінісін тіркеген болатын. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезгенін жазған болатынбыз.