Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 13 мамыр күні сағат 11:44-те жер сілкінісін тіркеді.

Фото: Анадолы

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1. MPV магнитудасы - 4.4. Жер сілкінісінің координаттары 41,63° с.е. 71,67° ш.б. Тереңдігі – 15 км.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.